Бағаға келсек, күзде ет қымбаттайды. Бұл бағаларды шаруа емес, делдалдар реттейді, оны қалай көтереді, белгісіз. Мен фермердің дүкенді әкімдік арқылы емес, тікелей бірлестіктерден алғанын, жұмыс істегенін құптаймын. Жергілікті билік дүкендер ашады, бір жерден ет алады, бірақ ірі өндірушілер қазір өз желілерін ашқанды жөн көреді.«Angus Qazaqstan» Республикалық палатасының директоры Дәурен Салықов
Сарапшы нарықтағы мұндай тыйымдар мен шектеулер қысқа мерзімде ет бағасының өсуіне, ал ұзақ мерзімді перспективада отандық өнімнің мүлдем болмауына әкелетініне сенімді.
Бағаны ұстау – уақытша құбылыс. Ол ертең қымбат еттің импортына әкеледі. Ал ондай ет Қазақстандікі сияқты сапалы болмайды. Түсіндірейін, бүгінде ірі қара малды шаруашылықтан тірідей салмағының келісін 850 теңгеден сатып алады. Етке қайта есептейтін болсақ, еттің келісіне 1700 теңге аламыз. Ал сиыр етінің нарықтағы бағасы бүгінде 3 мың теңге шамасында, яғни, шаруа етін арзанға сатады. Бірақ ол есептегішке жеткенше үстіне ақша қосыла береді. Шаруа бір бұқасын етке өткізу үшін екі жыл күтіп, бүгінгі рентабельділікпен тірі еттің келісін ең жақсысы 100 теңгеден алады. Міне, оның плюсы. Ал ет онсыз да нарықта қымбат болып тұрғанла бұл шаруаның кінәсі емес.Дәурен Салықов
Оның айтуынша, тірі малды сыртқа шығаруға салынған тыйымның алынып тасталуы саланың дамуына серпін берер еді.
Барлық бірлестік, барлық палата, барлық ірі фермер екі жылдан бері шекараны ашуды жақтап келе жатқанын айтып жүр. Тірі жануарларды әкетуге тыйым салу мерзімі биылғы 22 шілдеде аяқталады, содан кейін билік шекараны ұзарту немесе ашу туралы шешім қабылдайды. Бірақ бәріміз шекараның ашылуын сұраймыз. Бұлай болмаса, тағы да асыл тұқымды малдың құлдырауы, яғни үлкен қадамдармен кері шегініп, екі-үш жылда өз етіміз болмай қалуы мүмкін. Ал бүгінде сиыр етіне деген қажеттілігімізді шамамен 110% жауып, артығы 40% болып отыр, оны сата аламыз. Етті де, малды да.«Angus Qazaqstan» Республикалық палатасының директоры
Ол бұл жағдайдағы мемлекеттің реакциясына таң қалды. Спикер тыйымдардың кез келген бизнес үшін апат екеніне сенімді.
Мемлекет Қазақстанда бағаны арзандату үшін тірі етті экспорттауға тыйым салса, оларда біздегідей ақпарат жоқ. Қазақстан үшін мүмкіндігінше экспорттық нарықтар ашылса, бұл өндірістің өсуіне серпін беретінін біздің үкімет түсінбейді. 2010 жылдан бастап, яғни, «Сыбаға» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері кесте көтерілді, тыйым басталғалы кесте төмендеді. Сонымен ол неге әкеледі? Инвестор бұл салаға кірмейді. Екіншіден, малы бар шаруашылықтар мал шаруашылығын дамытпайды: біреу кемітсе, біреу сол малында қалады.Дәурен Салықов
Дәурен Салықовтың айтуынша, шаруалар тіпті тыйым салуды алып тастауды жақтап, мемлекеттік субсидиялардан бас тартуға дайын. Өйткені «базарлар болса, барлығы да көбірек табыс табады».
Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғамдық пікірден жабық. Олар қазір бағдарламаларды талқылау үшін жұмыс тобын құрдық дейді. Бірақ айтайын, бұл жұмыс тобында мал шаруашылығы бойынша республикалық палаталар жоқ, жүйені іштен білеті бірлестіктер жоқ, Қазақстан ет одағы жоқ. Ең бастысы осылар соның ішінде болып, атсалысуы керек еді. Шешімдер қайтадан жабық есіктің артында қабылдана ма деп қорқамыз.Дәурен Салықов
Еске салайық, жақында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кей өнімдерді экспорттауға тыйым салу туралы шешім тауар балансы ескерілмей қабылданатынын айтқан еді. Оның айтуынша, бұл не тапшылыққа, не қажет тауарлар өндірісінің тартымдылығының төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде мұндай шаралардың тиімділігі күрт төмендейді.