Діни шараларды өткізуге қатысты нұсқаулыққа түзету енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Ақпарат министрлігі Діни әдебиетті, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау туралы нұсқаулыққа өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды.

Стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау кезінде келесі жағдайларға:

Бұған дейін діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орны әкімдіктермен келісілетін.

Бұйрық жобасы АшықНҚА сайтында 10 тамызға дейін талқылау үшін жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі