Қазақстан шекарасында бұрғымен қаруланған ер адам шетелдіктерге қауіп төндірді - видео

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 09:36 Фото: Zakon.kz
Түркістандық полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында Сарыағаш ауданындағы "Қапланбек" өткізу бекетінде шетелдіктерді бопсалап, ақша талап еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, күдікті ретінде Түркістан облысының 43 жастағы жұмыссыз, тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұрғыны ұсталды.

Бұрғымен қаруланған шабуылдаушы шекарадан өтіп бара жатқан шетелдіктерді қорқытып, қолма-қол ақша талап еткен.

"Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы "Қапланбек" өткізу бекетінде орын алған құқыққа қайшы әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Түркістан облысы ПД Сарыағаш аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деп мәлімдеді өңірдегі полицейлер.

Сондай-ақ, ведомство қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде екенін атап өтті.

Шекара маңындағы аумақта қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін тұлғалардың қауіпсіздігі ұдайы бақылауда екені де атап өтілді.

Бұған дейін Оралда жас полицей қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: