Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық полицейлер тұрғынды тонаған ер адамды ұстады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 09:57 Сурет: ҚР ІІМ
Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғынды тонаған күдіктіні анықтады.

Таңғы уақытта астаналық үйіне келе жатқан кезде оған белгісіз екі жігіт жақындап, оны ұрған. Сонан соң телефонын тартып алып, қаша жөнелген.

Олардың қашып бара жатқан сәті камераға түсіп қалған. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан Tecno Spark Pro-9 телефонын жұлып алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, анықталған азаматтың елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: