Доллар тағы қымбаттап, рубль арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге қымбаттап, 480,16 теңгені құрағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,94 теңгеге (-0,30) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы аздап көтеріліп, 71,05 теңгені (+0,09) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 488,23 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 481-485 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 487-493 теңгеге өсті. рубль – 7,2-7,6 теңге.

Ал 27 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне $104,58 (+0,17%) болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада қыркүйек айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 95,3 долларға (+0,34%) көтерілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті