Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында пияздың ең жоғары бағасы 308 теңге көлемінде тіркелді.
Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 20 шілде күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жөніндегі кеңесте пияз бағасының қалыптасуы қарастырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ішкі бағаны қалыптастыру мақсатында нарықтың осы өніммен қамтамасыз етілуіне талдау жасау, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып келісім-шарттар жасау және пиязды аймақтарға жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Сонымен қатар пиязды экспорттауға тыйым салу немесе шектеу енгізу туралы мәселені сыртқы сауда мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көтеру туралы айтылды, – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен бірге бақылаусыз экспортқа жол бермеу мақсатында бұл мәселе ведомствоаралық комиссия отырысында қаралғанға дейін фитосанитарлық рұқсат беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. 22 шілде ведомствоаралық комиссияның отырысында және ӘМАТ бойынша кеңесте бүгінде пияз экспортына тыйым салудың орынсыздығы туралы айтылды. Өйткені арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті.
Бүгінде облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 процентін құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды беру қайта жаңғыртылуға тиіс. Осылайша бүгінде пияз экспортына тыйым жоқ. СИМ нарықта дүрлікпе тудырмай, түсініктеме алу үшін тікелей орталық мемлекеттік органға жүгінуге шақырады.Әлішер Өмірзақ, ҚР СИМ ресми өкілі