Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша рейтингте 6 қатар көтерілді

Сурет: unsplash
Елдегі интернет жылдамдығы бір жылда 22% өсті. Маусым айында мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 6 қатарға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүкіл әлемде сияқты Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығына ерекше көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдары елімізде бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті. Осылайша Speedtest Global Index деректері бойынша 2022 жылдың маусымында мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 6 қатарға көтеріліп, бір айда көрсеткіш 20,56 Мб/с-тан 22,53 Мб/с-қа дейін өсті. Жыл ішінде жылдамдық бірден 21,5%-ға өсті, – деп жазды Finprom.kz.

Қазақстандағы интернет Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да дамушы елдерге қарағанда айтарлықтай жылдамырақ. Бұл ретте интернет жылдамдығы бойынша әлемде Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Оңтүстік Корея және Катар көш бастап тұр.

Бұл ретте еліміздегі мобильді интернет жылдамдығы интернет-трафикті тұтынумен қатар өсіп келе жатқанын атап өту керек. 2021 жылы Tele2/Altel желісіндегі интернет-трафикті тұтыну 33% өсіп, 1985 петабайтқа (немесе 2 экзабайтқа жуық) жетті. Бұл –барлық ұялы байланыс операторлары арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Сарапшылардың пікірінше, Tele2/Altel абоненттері елдегі жалпы мобильді интернетті тұтынудың шамамен 60%-ына тең. Бұл ретте Kcell трафик тұтынуы 36,8% өсіп, 620 петабайт болды, яғни елдегі интернеттің жылдамдығы эфирдегі жүктемемен бірге артқан. Бұл ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымының дамығанын көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр