Сенбі күні жаңбыр жауғанымен, аптап ыстық қалады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстандағы 6 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың оңтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын жауады. Күн күркіреп, екпінді жел соғады. Еліміздің басқа өңірінде ауа райы тұрақты, негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде бұрқасын, түнде және таңертең солтүстікті тұман басады.«Қазгидромет» РМК

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз қатты жаңбыр жауады.

Атырау және Жетісу облыстарында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорданың басым бөлігінде, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +27...+29°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +30...+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +33...+35°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі