Оралдағы кәсіпкердің өлімі: күдіктілер ұсталған жерден фотолар мен видеолар шықты

Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оралдық кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдіктілердің ұсталған жерінен фото және видеороликтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында Оралда 49 жастағы кәсіпкер Еркін Мұханғалиев қалалық мәдениет және демалыс саябағының жанындағы көлік тұрағында қаза тапқан болатын. Бұл аса ауыр қылмысты жасады деген күдікке екі ер адам тартылып, оларды іздеуге БҚО ІІД мен оған қарасты күштердің барлық құрамы жұмылдырылды.

Полицейлер бағдарларды таратып, сонымен қатар күдіктілердің аты-жөндерін атады - 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы мен Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлы, 2001 ж.

8 тамызда БҚО ПД-де кісі өлтіру себебін атады. Куәгерлердің айғақтарына сүйенсек, жалақы төленбеген, тұрмыстық жағдай да кісі өлтірудің басты себебі болды.

Кейін кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің ұсталғаны белгілі болды.

БҚО ПД басқармасының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин брифингте Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді іздестіру және ұстаудың жай-жапсарын айтып берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі