Қоғам белсенділері Өскемен әкімдігін сотқа берді

Экологтар жер бетіндегі барлық аномалды аймақтарды оқшаулап, ол араға ескерту белгілерін орнатуды талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір жыл болды, біздің радиоактивті дақтармен кім айналысуы керек деген мәселені талқылап келе жатқанымызға. Енді олардан ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңға сәйкес кадастр мәліметтерін ресми пайдалануда құпиялылық деген белгіні алып тастауды талап етемін! - деді "Астана" телеарнасына құқық қорғаушы Алексей Божков.

Қоғам белсенділері бұл мәселемен 10 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді.

Өскеменде осындай 500-ден астам учаске анықталды. Мұның бәрі - соғыстан кейінгі жылдарғы мұра. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында мұнда металлургиялық өндіріс орындарының, соның ішінде уран байыту фабрикасынан шыққан қалдықтары үйіндісі болған. Ластанған топырақтың бір бөлігі Курчатов қаласындағы арнайы қоймаға апарып тасталды. Алайда, бұл іс ешқашан соңына дұрыстап жеткізілген емес.

Экологтардың айтуынша, облыс орталығында тарихи радиациялық ластанудың тағы сегіз нүктесі бар. Жаңа экологиялық кодекстің нормалары бойынша, енді бұл мәселенің шешілуіне қала билігі жауап беруі тиіс.

Егер қала әкімдігі мұндай ұсынысты енгізсе, онда ол табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарына енгізілетін болады. Жаңа экологиялық кодекске сәйкес, атмосфералық ауаға зиянды заттардың бөлінген эмиссиясы үшін жасалатын барлық аударымдар енді өз территориясында қалып, тек табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалуы тиіс. ШҚО Экологиялық қауіпсіздік орталығының басшысы Геннадий Корешков

Қаланың экологиялық мәселелерін шешуге 20 млрд теңге қарастырылған. Бірақ бірінші кезектегі жұмыстар тізімінде радиоактивті дақтармен күрес енбеген. Әкімдік бұл мәселеге келгенде үн-түнсіз. Бірақ қоғам белсенділері қала әкімі өз талаптарына назар аударады деп үміттенеді.

Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: