Сейсенбі күні Қазақстанда шаңды дауыл, аптап ыстық және қатты жел болады

Сурет: pexels
18 тамызда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 25 м/с болатын жел соғады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел екпіні солтүстіктен, солтүстік-шығыстан облыс орталығында 15-20 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 17 м/с. Өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың батысында +35-ке дейін қатты ыстық сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды