Алматыда электрлі самокаттарды жүргізу үйретіледі

Сурет: Zakon.kz
Кәмелетке толған ниетті барлық жанға қалада электрлі самокатты дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану үйретіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігімен жасасқан меморандум аясында электрлі самокаттарды жалға беру компаниясының нұсқаушылары оқытады. Қала тұрғындары дұрыс жүргізуді және тұраққа қою үйреніп, микромобильді көліктерге арналған жол ережесімен танысады. Қауіпті жағдай мен жазатайым оқиғаға әкелетін ең жиі кездесетін қателіктер мен жол ережесін бұзу жайттары талданады, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Дәріс алғандар тест тапсырып, бонусы бар промокод алады да электрлі самокатпен сағатына 25 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ал оқымағандарға жылдамдық 20 км/сағ шектеледі. Сабақ апта сайын қаланың әртүрлі жерінде өтеді.

Самокат жүргізіп үйренгісі келгендер осы аптада «Атакентке» орталық кіре беріс алдында, Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысына келуі керек. Сабақтар 19 тамыз күні сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін, 20 және 21 тамызда сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай