Жапония ядролық реакторлардың санын көбейтеді

Сурет: pixabay
Онагава, Такахама және Шимане станцияларының операторлары жергілікті әкімшіліктерден қажетті рұқсат алып, қазір атом электр станциясындағы қауіпсіздік жүйесін жақсарту жұмыстарын аяқтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапон үкіметі 2023 жылдың жазына дейін елдегі жұмыс істеп тұрған ядролық реакторлардың санын 17-ге дейін ұлғайтып, елдің әртүрлі аймақтарында тоқтатылған жеті атом электр блогын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

Атап айтқанда, Кашивазаки-Карива АЭС-тің алтыншы және жетінші энергоблоктарын, Онагава АЭС-тің екінші энергоблогын, Такахама АЭС-тің бірінші және екінші блоктарын, Шимане АЭС-тің екінші блогын және жетінші энергоблоктарын, Токай-2 АЭС-тің энергоблогын қайта іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі атом электр станцияларының шекті рұқсат етілген қызмет ету мерзімін ұлғайту мүмкіндігін қарастырады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта реакторлар 40 жылға шектелген, бірақ барлық талаптарды орындап, тексеруден өткен жағдайда тағы 20 жылға ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр