Түркістан облысының таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +35° қатты ыстық болады деп болжанды. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35° қатты ыстық сақталады. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Абай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.