Ақтауда оқушылар саны 38 мыңға артты

Ақтауда педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Білімді ұрпақ: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық» тақырыбын арқау еткен жиында креативті педагогикалық кадр даярлау, білім берудің концептуалды негіздерін таныстыру жайы талқыланды.

Соңғы 5 жылда өңірде оқушылар саны 38 мыңға артты. 3 ауысымды мектеп проблемасын шешу үшін биыл 2 жаңа білім ошағы пайдалануға берілмек.

Бұдан бөлек, 5 мың орындық 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

21 мектепке жөндеу жүргізіліп, жаңа мотификациялық кабинеттер ашылған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: