"Теміржол компанияларының кесірінен болып отыр". Қызылжарда көмір жоқ

Сурет: pixabay
Қызылжарда көмір жоқ. Жұрты мәселенің жыл сайын қайталана беретініне наразы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміржол бекетіне қара отын келе сала тұрғындар жаппай ұзын-сонар кезекке тұрады. Үлгергені алады, үлгермегені бос қайтады. Қала тұрғыны Вадим Голодников көмір іздеп теміржол бекетіне осымен үшінші мәрте келіп тұр. Тағы да құр қол қайтуға мәжбүр, делінеді Astana.tv сюжетінде.

Маған бір қысқа 6 тонна көмір қажет. Осы айда үшінші рет келдім. Үнемі кешегіп қалам. Көмір кеше бітіп қалыпты. Енді дүйсенбі күні вагон келеді дейді. Петропавл қаласының тұрғыны Вадим Голодников

Бұл кеше болған ұзын-сонар кезек. Вагон көмір келісімен жұрт оны бірер сағаттың ішінде талап әкетті. Аптасыне екі рет көмір жеткізіледі. Жалпы аймақта көмір мүлдем жоқ емес, кейбір түрлері бар. Бірақ сапасыз деді бұқара. Олар көбінесе сапалысын іздеп әлек. Жауаптылар отынды үздіксіз қамтуда проблемалар туындап отырғанын жеткізді.

Шұбаркөл көмірі бекетке жүйелі түрде жеткізілмейді. Теміржол компанияларының кесірінен болып отыр. Сондықтан біз министрлікке хат жаздық. Егер бізге күн сайын 10 вагоннан жіберіп отырса, онда жұрт көмірді қажет көлемде бөгетсіз ала алады. СҚО ТҮКШ және энергетика басқармасының бөлім басшысы Евгения Островская

Жалпы, теріскей тұрғындары бір жылда көмірдің 400 мың тоннасын қажет етеді. Әзірге бұқара 40 пайызға қамданған. Жергілікті шенділер бағаны бірқалыпты ұстауға күш саламыз деді. Бүгінде аймақта қара отынның бағасы 10 мен 17 мың теңгенің арасында саудалануда.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі