Илон Маск: Адамзат өркениетті қолдау үшін әлі де мұнай мен газға мұқтаж

Сурет: flickr
Бұл туралы америкалық миллиардер Норвегияның Ставангер қаласында өткен ONS 2022 халықаралық энергетика және технология конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қысқа мерзімде адамзат әлі де мұнай мен газға мұқтаж. Әйтпесе өркениет күйрейді. Әсіресе, бүгінде Ресейге қарсы санкциялар енгізілген кезде бізге өркениетіміздің өмір сүруін қамтамасыз ету үшін мұнай мен газ қажет, - деп келтіреді ТАСС агенттігі Илон Масктың сөзін.

Сонымен қатар кәсіпкер "есі дұрыс кез келген адам мұндай қорытындыға келетінін" атап өтті. Дегенмен ол бұлай деу арқылы "тұрақты энергияға" көшуді жеделдету маңызын төмендетпейді.

ONS 2022 халықаралық конференциясы 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Норвегияның мұнайлы астанасы – Ставангер қаласында мемлекет басшыларының, сонымен қатар жетекші энергетикалық және технологиялық компаниялардың жетекшілері мен табиғатты қорғау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін