Тоқаев: Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Мемлекет басшысы

Президенттің сөзінше, біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз.

Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады – азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі. Президент

Жаңа экономикалық бағыттың басымдықтары мыналар болады:

Бағаны әкімшілік реттеу бүкіл салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, тауар тапшылығына және импортқа тәуелділікке әкеледі. Сондықтан баға белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажет. Ерекшелік бәсекеге қабілетті емес нарықтар болады - монополистердің тарифтері қатаң бақылауда қалады. Бірақ бақылау қысым дегенді білдірмейді. Мемлекет басшысы
Қазақстан
Президент Жолдауы – 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін