Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есепті тыңдады. Жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар 293 хабарлама берілген, оның 78 пайызы өз еркімен орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Омаровтың мәліметінше, Агенттік жұмысындағы стратегиялық бағыттар – бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, өндірістің негізгі факторларының кәсіпкерлік субъектілеріне теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизмнен тазарту.

Мемлекет басшысына Жолдауда айтылған, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту және конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде берілген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларының теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, экономикадағы жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөледі.

Кездесу соңында Президент Агентік басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз