Алматыда сәби cатқан саудагерлер ұсталды

Сурет: pixabay
Жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдіктілер ұсталды. Олар кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға сатпақ болған.

Бүгінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ ресми өкілі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі