25 қыркүйекте Алматыда жолдардың бір бөлігі жабылады

Сурет: pixabay
25 қыркүйекте Алматыда жыл сайынғы "Алматы марафоны" өтеді. Жарыс өтетін күні қаладағы кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады. "Алматы марафоны" баспасөз қызметі

25 қыркүйекте мына жолдарда қозғалыс шектеледі:

Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:

1.       Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін

2.       Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін

3.       Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін

4.       Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару

5.       Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін

6.       Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін

7.       Метромен «Абай» станциясына дейін

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі