Министр "Жастар" сарайында жедел түрде ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығын барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқанын жазды.
Ол Халыққа қызмет көрсету орталығы негізгі орталықтарға түсетін жүктемені азайту үшін ашылғанын айтты.
Қазіргі уақытта өз отандастарымызға бірінші кезекте, кедергісіз, штаттық режимде қызмет көрсетіліп жатқанын атап өткім келеді.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Министрлік басшысының сөзінше, Ресей Федерациясынан келген азаматтар санының көптігінен, операторлар ұзын-сонар кезекте тұрғандарды қабылдап үлгермей жатыр.
Бүгінгі күнге дейін жағдай былай өрбіді: Ресей азаматтары ХҚКО-ға келіп, құжаттарын ұсынады, олардың деректері базаға енгізілгеннен кейін қайтып, екінші күні ЖСН алу үшін ХҚКО-ға қайта барады. Бұл олардың да, ХҚКО операторларының да көп уақытын алады. Сонымен қатар, ғимараттағы адам санының көптігіне себеп болады.Бағдат Мусин
Министрдің айтуынша, енді ЖСН алуға өтініш берген адамдарға екінші рет келудің қажеті жоқ, ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен СМС-хабарлама түрінде жіберіледі.
Бұл дайын ЖСН алу үшін кезекте тұрған барлық ХҚКО клиенттеріне қатысты. Бұл өз кезегінде адамдардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырланбауының алдын алады. Бүгін біз екінші деңгейлі банктерге ЖСН деректер базасында берілетіні туралы ақпаратты жеткіземіз, нөмірді енгізген кезде кез келген азамат туралы ақпарат автоматты түрде шығады.Бағдат Мусин