Ұлттық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған.
Бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған.ҚР Ұлттық банкінің бапсаөз қызметі
Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, көлемі 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.
Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Банкноттың екінші бетінен Астананың және Ақорда резиденциясының панорамалық көрінісін көруге болады.
Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Жаңа купюра "Қазақ елі" сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады.