Оның айтуынша, Қазақстанда 2017 жылы 54 626 адам ажырасса, 2018 жылы олардың саны 54 797-ге, 2019 жылы 5 000-ға өсіп, 59 796-ға жеткен.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы атап өткендей, 2020 жылы ажырасуға арыз беру қиындаған кезде ажырасулар саны 48 мыңға дейін азайса, 2021 жылы ол қайта 48 239-ға жетті.
Жалған ажырасудың бір себебі – халықтың кезекке тұруға деген тілегі деп білеміз. Расында, әбірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар" санатының көрсеткіші мүгедектік болса, "толық емес отбасы" санатында некені бұзу туралы анықтама жеткілікті. Ләззат Ибрагимова
Нәтижесінде 23 қыркүйекте үкімет қаулысы шеңберінде толық емес отбасыларға "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша несие беру ұсынысы қолдау тапты.
Олар – бала өсіріп отырған, сонымен қатар жұмыс істейтін адамдар, олардың балалары сау. Айырмашылық тек сыйақы мөлшерлемесінде. Бірақ әр отбасы деңгейінде бұл шамамен 30 мың теңге. Ләззат Ибрагимова
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда екі жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама – "7-20-25" және "Нұрлы жер" бағдарламасы, оның аясында "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бар.
Осы бағдарлама аясында біз екі құрал жасап жатырмыз. Біріншісі – "Бақытты отбасы: 2-10-20". Үш жылдың ішінде бюджеттен бізге 50 миллиард теңге бөлінді. Оған 5 мың отбасы – көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар қатысты. Үш жылдық несие берудің қорытындысы бойынша біз талдау жасап, "толық емес отбасылар" санаты соңғы төрт жылда жылдам қарқынмен өсіп келе жатқанына көз жеткіздік.Ләззат Ибрагимова