ОСК референдумда үнемделген 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуге бұрын бөлінген 16,5 млрд теңгенің 1,6 млрд теңгесін республикалық бюджетке қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы хабарламада атап өтілгендей, қаржы мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты кірісу есебінен үнемделген.

Қазақстанда 5 маусымда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті.

7 маусымда референдумның қорытындысы жарияланды. Референдумның орталық комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық немесе 68,05% қатысты. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.

8 маусымда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты