Сәрсенбі күні Қазақстанда аяз, шаңды дауыл және қатты жел болады

Сурет: Zakon.kz
5 қазанда еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады7 Cонымен қатар солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің екпіні 17 м/с болады деп болжанды.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Түнде таулы аймақтарда, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз сақталады. Шымкентте күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел 15-20 м/с.

Түнде солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында 2 градус аяз сақталады. Өңірде түнде де 0-2 градус аяз болады деп болжанды.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады