Мәслихат депутаттары сайлауға Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
5 қазанда Мәслихат депутаттары қауымдастығының конференциясы президенттік сайлауға кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің кезектен тыс конференциясында ұйым атынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ұсыну мәселесі қаралды.

Тұрақсыз геосаяси және экономикалық жағдай кезеңінде қоғамның бірлігі факторы бірінші орынға шығады. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі, мемлекетіміздің үдемелі дамуындағы ерекше рөлін ескере отырып, біз оны алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынып отырмыз. Қауымдастық төрағасы Төлеубек Мұқашев

Жиын соңында қатысушылар алдағы Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауына қатыстыруға Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз