Астанада 20-ға жуық адамды алдаған интернет-алаяқ ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Полицияға бүгінгі таңда 20-ға жуық алданған азамат жүгінген, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Зардап шеккендерден түскен арыздар жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін бұрын сотталған елорданың 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Әйел адам Кrisha.kz сайты арқылы жалған пәтерлерді және балаларды қаладағы элиталық мектептер мен балабақшаларға орналастыруға көмектесуді ұсынған.

Сондай-ақ, полицияға азаматтардан ұжымдық арыз түскен, күдікті белгілі бір сыйақы үшін балаларын Binom мектебіне орналастырамын деп уәде берген.

Сонымен қатар, жәбірленуші полицияға хабарласып, ол ұзақ мерзімге пәтер жалдамақ болған кезде алаяққа алданып қалғанын айтқан. Бұл жағдайда азаматша 75 мың теңге көлемінде ақшасынан айырылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тағы бір басқа жағдайда алаяқ баланы балабақшаға орналастырып беремін деген сылтаумен жәбірленушінің 55 мың теңгесін иемденген. Ол бірден өзінің сыйақысын алып, бірақ ол уәделерін орындамаған.

Алаяқтық жасаған күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді