Қарағандыда жол ақысы қымбаттайды

Сурет: Zakon.kz
Қоғамдық көлікте жүру құны 150 теңге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда бұл қолма-қол ақшамен есеп айырысатын жолаушыларға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, «оңай» картасы барлар бұрынғыдай 80 теңгемен жүреді. Қазір қалада қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушы саны 200 мыңнан асып жығылады. Олардың 60%-і жеңілдік картасын алған.

Ендігі мақсат – электронды төлем үлесін 90%-ке жеткізу,- дейді мамандар. Бұл автобустардағы жүктемені бақылап, тасымалдаушыларға субсидия бөлу үшін маңызды.

Қазір қалаішілік маршрут бойынша қатынайтын барлық қоғамдық көлікке валидаторлар орнатылды. Бастапқы кезде кондукторлар да қатар жүріп, қызмет көрсетеді. Кейін оларды қысқарту жоспары бар.

Жеңілдетілген тарифтер оқушылар үшін 40 теңге, зейнеткерлер үшін 50 теңге, әлеуметтік санаттар үшін тегін жол жүру картамент төлеген кезде ғана жарамды болады. Егер билетке ақша төленбесе штраф салынады, 2 АЕК, ол заң жүзінде. Әлібек Дүйсембеков, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

43 градус ыстық, найзағай, бұршақ: 12 тамызда күн райы қандай болады