"Шаңды дауыл соғады". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pexels
Синоптиктер 11 қазанда Қазақстанның 5 облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, таулы аудандарда желдің екпіні 23 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады. Түркістанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, күндіз өңірдің басым бөлігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста соққан желдің екпіні 23 м/с құрайды. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22м/с, кей тұста 25 м/с болады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі, делінген ауа райы болжамында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты