Алматыда Б.Сағынтаевтың тұсында қабылданған жер шешімдері тексеріледі

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында жер учаскелеріне қатысты шешімдерге тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Бас прокурор Берік Асылов Медеу паркінде жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдеріне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды.

Бұл мәселені Мәжілісте Азат Перуашев көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Медеу табиғи паркінің 20 проценті тұрғын үй қорына берілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұны парк басшылығына ескертпеген. Заңгерлердің мәліметінше, жерді бөлу және мақсатын ауыстыру жұмыстары басталып кеткен.

Құрылыс жобаларын келісіп жатыр дейді. Мұнымен экология, жер және орман кодекстері бұзылып отыр.

Перуашев Президенттің Іле Алатаудың етегінде құрылыс салуға тыйым салу туралы тапсырмасы да еленбей жатыр деген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды