Қазақстанда халық саны шамамен 164 мың адамға көбейді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 19 миллион 666 мың 800 адам болды. Бұл ретте 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%) қалада, 7 млн ​​535 мың 700 адам (38,3%) ауылдық жерде тұрады.

Республика халқының табиғи өсімі 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% төмендеп, 172,4 мың адам болды.

АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-тамызда Қазақстанда 263,8 мың адам дүниеге келген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 20,19 туылды.

Сонымен қатар 91,4 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 22,3% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7 өлім болды.

Сәби өліміне келсек, ол да 5,8% төмендеді. Өйткені республикада 2208 нәресте өлімі тіркелді. Жалпы нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,37 жағдай болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды