БҰҰ Бас хатшысы: Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік

Сурет: БҰҰ
Төтенше жағдайдағы қақтығыстардың геосаяси шиеленісі күшейген сайын сенім мен ынтымақтастық әлсірейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия Кеңесінің VI самитіне қатысушыларға жолдаған бейнеүндеуінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш осылай деді. Климаттық дағдарыс барлық жерде жойқын, деп жазады qazaqstan.tv.

Коронавирус ықпалы да әлсіреген жоқ. Дағдарыс әлем халқының осал топтарын тығырыққа тіреді. Осы күрделі кезеңде аймақтардың күш біріктіруі бұрынғыдан да маңызды, - деді Бас хатшы. Антониу Гуттериш бейнеүндеуде әлем үшін жаңа күн тәртібін құруға шақырды.

Соңғы 30 жыл ішінде Кеңес Азия елдері арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Біз бейбіт және гүлденген Азиядан пайда көреміз. Мен ортақ мақсаттарымызға қол жеткізудегі серіктестігімізге ризамын. Бұл тұрақты дамуға жәрдемдесу, адам құқықтарын ілгерілету, бейбітшілік және тұрақтылық, көпжақты ынтымақтастықты нығайту. Заманымыздың сын-қатерлерін бірге еңсерейік. Азия мен әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік. Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы
Қазақстан
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі