Қазақстанда салынып жатқан ғимараттар жаңа ереже бойынша бақыланады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Cыртқы істер министрлігінің 7 қазандағы бұйрығымен салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, айына бір рет қарауындағы аумаққа бару және көзбен шолу арқылы мониторинг жүргізілетін, оның нәтижесінде құрылыс салуға жоспарланған объектілер мен кешендердің анықталған заңсыз құрылысы туралы хаттама (есептің формасы) толтырылатын ереже қосылды.

Бұл ретте, құрылысы жоспарланған объектілер мен кешендердің мониторингін жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратыны көрсетілген.

Салынып жатқан объектілер мен кешендер мониторингін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Құрылысы жоспарланған объектілер мен кешендердің мониторингі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде мынадай деректер негізінде қалыптасады:

Бұйрық 12 қазанда күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды