Павлодарда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

Сурет: polisia.kz
16 қазанда сағат 00.54-те Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарау кезінде инспектор Марал Артықбаева Усолка шағын ауданындағы мейрамханалардың біріне қарама-қарсы жерде төбелес болып жатқанын байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дереу көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді, деп жазады Polisia.kz.

Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады. Олардың жеке басын анытау және осы бұзушылықтың мән-жайын білу үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында полицейлер ұсақ бұзақылықтың 903 фактісін және 4135 тыныштықты бұзу фактісін анықтады. Қала аумағында орталыққа қосылған 117 ЖБО бақылау камерасы және 5000-ға жуық оператор орнатылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі