Еуропада ломбардқа сұраныс артты

Сурет: pixabay
Еуропа елдерінде инфляция деңгейі 10 пайызға жетті. Электрэнергия, жанар-жағар май мен азық-түліктің қымбаттауы халықтың сатып алу қабілетін төмендетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Еуропадағы өмір»ұйымының мәліметінше қазір ЕуроОдақ азаматтарының 25 пайызы кедейлік кебін киіп отыр. Айлығы шайлығына жетпейтіндер мен жұмыссыздар қазір үйіндегі жиһазын, киім-кешегін саудалап, күн көруде.

Жаппай қымбатшылық белең алғалы Германияда ломбардтарға сұраныс артқан. Ақшадан қысылған жұрт елдегі 250 дүкенге алтындарынан бөлек бағалы заттарын кепілге қалдырып, несие алып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ломбардқа кепілге қойған затын қайтарып ала алмаған бельгиялықтардың мүлкі арнайы дүкендерде саудаланады. Таза былғары мен бұғының терісінен тігілген дивандарға көп адам қызыққанмен, сатып алуға қалтасы көтере бермейді.

Нан-пұлға ақша таппай қиналғандар мұнда бағалы заттарын, тіпті жарыстарда ұтып алған алқа, сыйлықтарына дейін арзанға сатып жіберген.

Брюссельдегі бір ғана дүкен соңғы алты айда тұрғындардан 1500 тонна жиһаз бен 5 мың тонна бағалы бұйым қабылдаған. Азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасы шарықтай берсе, күнкөрістің қамы үшін халық бар қазынасын сатуға қояды, дейді сарапшылар.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды