Атап айтқанда, ШОБ субъектілерін тексеруге мораторийді 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту ұсынылды.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барып тексерулер мен профилактикалық бақылауды тоқтатсын, делінген құжатта.
Алайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер жатпайды.
Жоспардан тыс тексерулер адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекетке ықтимал қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды жою мақсатында құқық бұзушылықтардың жасалу жағдайларының себептерін жою мақсатында жүргізілуі мүмкін.
Құжатта тексерулерге мораторий Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырдағы тапсырмасын орындау аясында ұзартылғаны жазылған.
Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.