Тоқаев Ресейден кеткен компанияларды Алматы маңына орналастыруды тапсырды

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде Ресейден кеткен компанияларды Алматы маңында орналастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қазіргі уақытта Ресейден Қазақстанға 50-ден астам халықаралық компания қоныс аударғанын атап өтті.

Олардың барлығын ірі қалаларға шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік мұндай өндірістерді Алматы маңында БАКАД периметрі бойымен орналастыруды пысықтауы керек, бұл өңір экономикасына айтарлықтай септігін тигізеді. Бұл мәселені Үкіметпен және компаниялармен талқылаңыз.

Облыс орталығы Алматыға қатысты «магнитке» айналуы керек. Біз инвесторларға жаңа өндіріс орындарын ашуға, оның ішінде басқа елдерден қоныс аударатын өндіріс орындарын ашуға барлық жағдайды жасауымыз керек. Шетелдік әріптестермен кедергісіз және үзіліссіз сауда жасау үшін бұл мәселені қазірден пысықтау қажет.

Облыста бірқатар ірі экспорттаушы кәсіпорындар жұмыс істейді, олардан негізгі салық түсімдері түседі. Біз оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы өндірісін кеңейтуге көмектесуіміз керек. Ұлттық экономика және Қаржы министрлiктерi бiр ай мерзiмде ұсыныстар енгiзсiн.

Қазақстан
Қонаев
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды