Алматы зообағы пілге педикюр жасаған сәттен видео бөлісті

Сурет: Zakon.kz
"Қыз-келіншектер тырнағына қарап, маникюр, педикюр жасайды. Тура сол сияқты біз де пілдерге педикюр жасаймыз" дейді Алматы зообағының қызметкерлері. Зообақтың Instagram-дағы парақшасында пілдердің тырнағын егеп жатқан сәттен видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы зообағы қызметкерлерінің хабарлауынша, пілдер жабайы табиғатта аяғын суға салып, тырнақтарын тасқа немесе қатты жерге егеп, қысқартады. Ал зообақ жағдайында бұл шараны жануарларды күтуші киперлер жасайды.

Біз зообағымыздағы пілдерге арнайы маникюр жасаймыз. Әр тоқсан сайын, кейде екі айда бір рет алып пілдердің үлкен тырнақтарын кесіп, егеп, тазалап, жөнге келтіріп тұрамыз. Бұл – пілдердің ыңғайлы жүріп-тұруы үшін, табандары мен саусақтарын жарақаттанудан сақтау үшін қажет шара. Жануарлар да өзіне сай көркімен жүргенді ұнатады, - деп жазды Алматы зообағы Instagram-дағы парақшасында.

Қызметкерлердің айтуынша, пілдің тырнақтарын тазалап, кескенде ауырсыну сезімі болмайды. Тек түбінен, қалыңдау алғанда ғана ауыруы мүмкін. Алматы зообағы әлеуметтік желі қолданушыларынан пікір қалдырып, әсерін бөлісуді сұрады.

Қызықты
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды