Егемендік пен елдіктің тойы

Елдіктің, егемендіктің тойы – Республика күні биыл 13 жылдан соң қайта тойланды. Бұл мереке барша жұрттың ой-санасын дүр сілкінтіп, жылдар бойы қасаң қағидамен қатқан сеңді жібітті. Ұлттық мереке – ұлттың мәртебесін асырып, мерейін тасытты.

Республика күніне Тараз жұрты да толайым табыспен жетті. Тындырылған тірлік пен атқарылған шаруа аз емес. Алайда ел межесі, ер межесі осымен тоқтап қалмайды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі мың жылдан аса тарихы бар көне шаһар бүгінде керегесін кеңейтіп келеді.

Қаладағы құрылыс жұмыстары күн өткен сайын артуда.

Мәселен, 2022 жылы 126 нысан мен 46 жобаға 27,8 млрд теңге бөлінді. Бүгінде инженерлік-инфрақұрылымдық саласы бойынша 55 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

15-мөлтек ауданда 71 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына 22,7 млрд теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда, 42 көп қабатты тұрғын үйдің 13-і қабылданды. Ал қалған 33 тұрғын үй жыл соңына дейін аяқталмақ.

Яғни 285 пәтер өз кезегімен мұқтаж жандарға беріледі.

Бүгінгі мерекеге орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамотасымен, Алғысхатымен марапатталды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік жиынға жиналған жұрт өңірдің қолөнер шеберлерінің көрмесі мен спорттық ойындарды, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараз Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: