Елімізде кейбір пойыздарда жоғарғы орындар арзандамақ

Сурет: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ
Қазақстанда 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарындағы үстіңгі сөрелер 20% арзандайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ үстіңгі және төменгі орындықтардың жолақысына сараланған тәсілді пилоттық режимде енгізді және ол 2023 жылдың 28 ақпанына дейін әрекет етеді.

Бес бағыттағы жолаушылар пойыздарында жоғарғы орындар 20% арзандайды:

1. №111/112 Алматы – Маңғыстау;

2. №51/52 Алматы – Орал;

3. №105/106 Алматы – Петропавл;

4. №71/72 Астана – Шымкент;

5. №29/30 Алматы – Атырау.

10 қазанда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа алдағы уақытта ҚТЖ-ны ұлттық көлік-логистикалық компанияға айналдыру жоспарын таныстырды.

Қазақстан
Шымкент
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз