ТМД бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға кірісті

Сурет: Zakon.kz
ТМД байқаушылары миссиясы Қазақстандағы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Бұл туралы Атқару комитеті төрағасының орынбасары – ТМД Атқарушы хатшысы Ильхом Нематов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТМД байқаушылары миссиясы ұйымдастыру мәселелерімен, соның ішінде өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын штаб ашты.

Бүгін ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Оның басшысы – ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев. Ильхом Нематов

Миссия құрамына ТМД-ның барлық елдерінің өкілдері – 100-ден астам адам кіреді, оның 10-ы ұзақ мерзімді бақылаушылар.

Қазірдің өзінде 23 адам келіп, аккредитациядан өтті. Қазақстанға қысқа мерзімді бақылаушылар сайлауға екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық өңірлер мен сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз. Ильхом Нематов

Ол сондай-ақ барлық байқаушылар топтарының жетекшілерінің қатысуымен үйлестіру кеңесі құрылатынын айтты. Миссияның қорытындысы 21 қарашада жарияланады.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді