Полицейлер Ақтөбе облысында өлі күйінде қоқысқа тасталған сәбидің анасын тапты

Сурет: pexels
Ақтөбе облысында екі күн бұрын полигоннан табылған жаңа туған нәрестенің анасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қазанда Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы Рождество – Донское тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған баланың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1995 жылғы әйелді анықтады. Айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанып, қорқып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған, – деді Ақтөбе облысының полиция департаментіндегілер.

Қазір бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен ( "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

24 қазанда Ақтөбе облысындағы қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетке салынған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылып, қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі