Павлодарда мүлік иелері бірлестігінің төрағасы тұрғындардың ақшасын өз шығындарына жұмсаған

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 11:19 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Павлодарда ауданаралық сот бір жыл ішінде үйдің есепшотынан 2,5 млн теңге жұмсаған МИБ төрағасының ісін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Irbistv.kz мәліметінше, 2023 жылғы желтоқсанда ер адам Ломов көшесіндегі көпқабатты үйдің мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы болып сайланған. Алайда арада небәрі жарты жыл өткенде павлодарлық 42 жастағы азамат ортақ қаражатты өз қажетіне жұмсай бастаған.

Тергеу мәліметінше, ол 2024 жылғы маусымнан 2025 жылғы мамырға дейін пәтер иелеріне тиесілі банк шотын белсенді пайдаланған. Барларға, асханаларға, кондитерлік дүкендерге, сыра сататын орындарға, азық-түлік және ет дүкендеріне барған. Кейде банкомат арқылы қолма-қол ақша да шешіп алған.

Оқиға арада бір жыл өткенде әшкереленген. Сол уақытқа қарай ер адам бұл үйде тұрмайтын болған.

"Сот отырысы барысында жәбірленуші МИБ өкілінен сотталушымен татуласуына байланысты істі тоқтату туралы өтініш түсті. Себебі қылмыс салдарынан келтірілген залал толық өтелген, сотталушыға қатысты шағымы жоқ. Қылмыстық істі тоқтатудың құқықтық салдары сот тарапынан түсіндіріліп, түсінікті болды", – делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысында.

2026 жылғы 9 қазанда Қазақстанда МИБ қызметін реттеуге арналған жаңа цифрлық сервис құрылатыны белгілі болды. Сонымен қатар 78 ПИК пен ПКСК қайта тіркеуден өтуге рұқсат ала алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: