Атырауда 250 әйел сүт безі обырының алдын алу бойынша тексеруден өтті
Сурет: "Әділет" партиясы
"Әділет" партиясы Атырау облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен №7 емханада "Әйел өмірі үшін" республикалық айлығы аясында ашық есік күні өтті. Әйелдер онколог-маммолог пен акушер-гинекологтың кеңесін алып, тексеруден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Емхананың профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Мәдина Ахметқазиеваның айтуынша, күніне шамамен 50 әйел маммографиядан өтеді. Ашық есік күні 250 тұрғын медициналық кеңес алды.
Атырау облысында сүт безі обыры диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 800-ден асады. Ауруды ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулер мен скринингтен тұрақты өту қажет, – деді дәрігер.
Тұрғын Гүлжихан Қарабалина мұндай шаралардың әйелдер денсаулығын сақтаудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Әйелдер қанатының жетекшісі Айгүл Әмірғалиеваның айтуынша, партия облыс емханаларында ашық есік күндерін, диагностикалық тексерулер мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырып келеді.
Әйел денсаулығын қорғау – қоғамның ортақ міндеті. "Әйел өмірі үшін" республикалық айлығы аясында Индер ауданында, Атырау университетінде және №7 емханада бірқатар іс-шара өткізілді. Басты мақсатымыз – әйелдердің өз денсаулығына уақытылы көңіл бөлуіне ықпал ету, – деді Айгүл Әмірғалиева.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



