Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының ұсынысы бойынша өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына бейнебайланыс форматында қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтында жазылғандай, саммитке Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Сессия барысында ҰҚШҰ-ның Арменияға биыл 15 қыркүйекте жіберген Миссиясы жұмысының нәтижелері талқыланды.

Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде жанжалды тек бейбіт жолмен және саяси-дипломатиялық тәсілдермен реттеу керек екенін атап өтті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін