Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Сурет: видеодан скриншот
Ақтөбе облысында полицейлер ауыл тұрғынынан 16-калибрлі мылтық, 12-калибрлі қос ауызды шолақ мылтық, 22 патрон және екі травматикалық тапаншаны тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, тәртіп сақшылары қаруды қазанның 31-і күні дөнер жасайтын жердің қазандық бөлмесіндегі диванның астынан тапты.

Мекеменің 25 жастағы иесінің үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі ("Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін