Ұлттық банк 2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерін қашан жариялайды

Базовая ставка, процент, проценты, базовые ставки, процентная ставка, НДС, налог на добавленную стоимость, плательщики НДС, ставка НДС, уплата НДС, процент НДС, проценты НДС, добавочный налог, депозит, депозиты, кредит, кредиты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 14:43 Фото: сгенерировано с помощью ИИ
Қазақстанның Ұлттық банкі 2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер жарияланатын күндердің кестесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында 2026 жылғы 23 қарашада жарияланған баспасөз хабарламасында айтылған.

"Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның төртеуі болжамды раундтың нәтижелеріне сүйене отырып қабылданады. Шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", – делінген хабарламада.

2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер жарияланатын күндер

  • 22 қаңтар
  • 12 наурыз
  • 23 сәуір
  • 11 маусым
  • 23 шілде
  • 10 қыркүйек
  • 22 қазан
  • 10 желтоқсан

2026 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

Ұлттық банк 23 қаңтарда, 6 наурызда және 24 сәуірде базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады. Кейін оны төрт рет төмендетті:

  • 5 маусымда – 17%-ға дейін
  • 24 шілдеде – 16,75%-ға дейін
  • 4 қыркүйекте – 16,25%-ға дейін
  • 23 қазанда – 15,75%-ға дейін

2026 жылғы кестеге сәйкес, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін 4 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 12:00-де жариялайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: