Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

 Ұлттық банкі, базалық мөлшерлеме, шешімдер кестесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 18:08 Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2024 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Бұл ақпаратты орталық банктің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4 (төртеуі) болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады. 2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:

  • 19 қаңтар
  • 23 ақпан
  • 12 сәуір
  • 31 мамыр
  • 12 шілде
  • 29 тамыз
  • 11 қазан
  • 29 қараша
"2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша барлық шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні жарияланады. Осылайша, шешім келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", делінген ҚР Ұлттық банктің хабарламасында.

Айта кетсек, 2023 жылы 24 қарашада ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімге келуге Ұлттық банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: