Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

Ұлттық банк, базалық мөлшерлеме, кесте , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 10:36 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Бұл туралы Ұлттық банк 20 қарашада ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4-уі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.

2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:

  • 17 қаңтар
  • 7 наурыз
  • 11 сәуір
  • 5 маусым
  • 11 шілде
  • 29 тамыз
  • 10 қазан
  • 28 қараша.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді". ҚР Ұлттық банкі

Айта кетсек, Ұлттық банк алдында базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша шешімін 2024 жылғы 11 қазанда жариялаған болатын.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: